Астана қаласы Әділет департаментінің «Мүлікті мемлекет кірісіне айналдыру бойынша аумақтық бөлімі» филиалының орындауында Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының атқару парағы негізінде «MERCEDES BENZ S450» маркалы автокөлігі тәркілеу туралы атқарушылық іс жүргізу болды.
Атқару құжатының талабын орындау шеңберінде мемлекеттік сот орындаушымен «MERCEDES BENZ S450» маркалы автокөлігі тәркіленіп, «ҚР қаржы министрлігі мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Астана қаласы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру Департаменті» РММ-не берілді.
Жоғарыда көрсетілген атқару өндірісі бойынша шаралар қолдану барысында сот актісінің талаптары толық орындалды.