Қазақстан Республикасында заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу тәртібі

Қазақстан Республикасында заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу тәртібі
Қазақстан Республикасында заңды тұлға құру және оның қызметін ресми түрде бастау үшін заң бойынша мемлекеттік тіркеуден өту міндетті. Бұл рәсім заңды тұлғаның құқықтық мәртебесін ресми түрде растайды және оның қызметін заң аясында жүргізуге мүмкіндік береді. Заңды тұлғаларды тіркеу процесі Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 сәуірдегі№142-II «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Заңымен реттеледі.
1.Заңды тұлғаның түрлері:
Заңды тұлғалар келесі түрде құрылуы мүмкін.
*Жауапкершілігі шектеулі серіктестік (ЖШС)
*Акционерлік қоғам (АҚ)
*Өндірістік кооператив
*Мемлекеттік мекеме
*Қоғамдық бірлестік
*Қайырымдылық қоры және т.б.
2.Мемлекеттік тіркеудің міндеттілігі
Барлық заңды тұлғалар құрылғаннан кейін ҚР Әділет министрлігі немесе жергілікті әділет департаменті арқылы тіркеуден өтуі тиіс. Бұл рәсім орындалмайынша, ұйым ешқандай заңды әрекет жасай алмайды (мысалы: келісім-шарт жасау