«Заң мен тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында Астана қаласы Әділет департаменті 2025 жылдың 28 қазанда заң қауымдастығымен бірлесіп, М.С.Нарикбаев атындағы университетінің базасында заң клиникасын ашты.
Заң клиникасының ашылуы халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға, тегін заң көмегінің қолжетімділігін қамтамасыз етуге және азаматтардың құқықтық мәдениетін дамытуға бағытталған маңызды қадам болып табылады.
Сонымен қатар, студенттер үшін бұл — практикалық тәжірибе алуға арналған тиімді алаң.
Заң клиникасының жетекшісі — Бабаджанян Эстер Левоновна .
Заң клиникасы мына мекенжайда орналасқан:
Астана қ., Қорғалжын тас жолы ,8.