Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің базасында заң клиникасы

«Заң мен тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында Астана қаласы Әділет департаменті 2025 жылдың 30 қыркүйегінде заң қауымдастығымен бірлесіп, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің базасында заң клиникасын ашты.
Заң клиникасының ашылуы халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға, тегін заң көмегінің қолжетімділігін қамтамасыз етуге және азаматтардың құқықтық мәдениетін дамытуға бағытталған маңызды қадам болып табылады.
Сонымен қатар, студенттер үшін бұл — практикалық тәжірибе алуға арналған тиімді алаң.
Заң клиникасының жетекшісі — Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Заң факультетінің ғылым жөніндегі деканның орынбасары - Даурембеков Ерлан Курманалиевич.
Заң клиникасы мына мекенжайда орналасқан:
Астана қ., Қ.Сатпаев көшесі ,2.