Астана қаласының Әділет департаментінде Мемлекеттік органдардың қатысуыме дөңгелек үстел жүргізілді.

«Заң және Тәртіп» концепциясын іске асыру мақсатында, Астана қаласының Әділет департаментінде (әрі қарай – Департамент), Мемлекеттік органдардың қатысуымен әскери соттың Ақмолинский гарнизонының үкімін орындау, атап айтқанда шетелдегі мүлік мәселелері бойынша дөңгелек үстел жүргізілді. Кеңеске Ұлттық гвардияның Бас қолбасшылығының заң басқармасының өкілдері әділет полковнигі Нашенов Талғат, әділет майоры Жумагалиев Тимур, әділет капитаны Ыдрышев Ерназ,) Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі (Ахметбеков Ерлан), Ақмола гарнизоны әскери сотының төрағасы (Ибраимов Ерлан), Ақмола гарнизонының әскери прокуратурасының өкілі (Маканова Айжан), Департаменттің басшысы Әбубәкір Талғат және оның орынбасары Бейсен Бақытжан, сондай-ақ Департаменттін Мүлікті мемлекет пайдасына тәркілеу аумақтық бөлімінің аға сот орындаушысы Алпанов Бексұлтан қатысты.
Кеңес барысында сот шешімінің орындалуын қамтамасыз ету және мемлекетке, материалдық зиянды өтеу мәселелері қаралды. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен Беларусь Республикасының уәкілетті органдары арасындағы өзара әрекет ету тәртібі, соның ішінде құқықтық көмек көрсету және тәркіленген мүлікті жүзеге асыру рәсімдері талқыланды.
Кеңес қорытындысы бойынша ведомствоаралық өзара әрекет ету механизміне қатысты ұсыныстар әзірленіп, Беларусь Республикасында орналасқан тәркіленген мүлікті іске асыруға қатысты одан арғы процессуалдық және ұйымдастырушылық шаралар анықталды.