Алименттік міндеттемелер бойынша сот шешімдерінің орындалу тиімділігін арттыру және кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау мақсатында Астана қаласы Әділет департаменті мен Сарыарқа ауданының прокуратурасы және уәкілетті мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен «дөңгелек үстел» өткізілді.

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша уәкілетті органдарға нақты тапсырмалар беріліп, жауапты тұлғалар мен орындау мерзімдері айқындалды. Жұмысты жандандыру мақсатында борышкерлерді іздестіру шараларын күшейтуге, мәжбүрлеп орындату шараларын уақтылы қолдануға және жауапкершіліктің бұлтартпастығын қамтамасыз етуге бағытталған бірлескен іс-қимыл алгоритмі әзірленді.