Астана қаласы Әділет департаменті 2025 жылы құқықтық қызмет көрсету саласында атқарылған жұмысын қорытындылады.

Астана қаласы Әділет департаменті 2025 жылы құқықтық қызмет көрсету саласында атқарылған жұмысын қорытындылады.

cz

Қалада 892 нотариус қызмет атқарып, жыл ішінде нотариаттық қызметтің заңдылығын қамтамасыз ету мақсатында 85 тексеру жүргізілген. Тексеру нәтижесінде 23 нотариус тәртіптік жауапкершілікке тартылып, лицензияны тоқтата тұру және одан айыру шаралары қолданылды.

🤝 Сондай-ақ, департамент лицензиядан айыру туралы 4 талап-арыз жолдап, бір нотариус лицензиясынан айырылды. Елордада 857 адвокат пен 3 287 заң консультанты жұмыс істейді, олардың бірқатары тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Мемлекет кепілдік берген тегін заң көмегі аясында 16 862 азаматқа құқықтық көмек көрсетілді.
___________________________________________________