2025 жылғы тамыз айында Астана қаласы Әділет Департаменті қызметкерлерімен «Мемлекеттік қызметшілердің жеке тұлғалардың декларациясын тапсыру тәртібі және өзекті мәселелер» және «Мемлекеттік қызметшілерге құмар ойындарға қатысуға тыйым: құқықтық негіздер мен әдептік талаптар» тақырыбында семинар өткізілді.
Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес мемлекеттік қызметшілер жыл сайын кірістері мен мүлкі туралы декларация тапсырады. Бұл талап азаматтардың мемлекеттік қызметке деген сенімін арттыруға, табыстар мен шығыстардың заңдылығын бақылауға және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алуға бағытталған.
Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі мен «Мемлекеттік қызмет туралы» заңына сәйкес, мемлекеттік қызметшілердің құмар ойындарға қатысуына тыйым салынады. Бұл талап олардың кәсіби адалдығын сақтауға, қаржылық тәуелсіздігін қамтамасыз етуге және қоғам алдында беделін қорғауға бағытталған.
Мемлекеттік қызметшілердің кірістері мен мүлкі туралы декларация тапсыруы – ашықтық пен сенімділікті арттырудың негізгі құралы. Ал құмар ойындарға тыйым – мемлекеттік аппараттың беделін сақтап, мемлекеттік қызметтің адалдығын қамтамасыз етудің маңызды шарты.