🔸 ”Заң және тәртіп” қағидаларын ілгерілету мақсатында 2025 жылғы 11 шілдеде Астана қаласы Әділет департаментінің Құқықтық түсіндіру жұмысы және халыққа заңгерлік қызмет көрсету бөлім басшысы К.К. Бекбауованың жетекшілігімен Zoom платформасы арқылы Астана қаласы Заң консультанттары палатасының өкілдеріне “Мемлекет кепілдік берген заң көмегі” тақырыбында семинар өткізілді.
Семинар барысында мемлекет тарапынан көрсетілетін заң көмегін ұсыну кезінде туындайтын өзекті мәселелер қарастырылып, оларды шешудің ықтимал жолдары талқыланды. Қатысушылар құқықтық көмектің тиімділігі мен қолжетімділігін арттыруға бағытталған ұсыныстарын ортаға салды.