🚨Алаяқтардан сақ болыңыз! Астана қаласы Әділет департаменті алаяқтықтың жаңа түрінің әрекеттерінен сақтануға шақырады.
Өздерін Әділет органдарының қызметкерлері ретінде таныстырып жүрген алаяқтар азаматтарды сендіру үшін анықтама парағын көрсетудe.
Астана қаласы Әділет департаментіне беліглі ақппарат бойынша алаяқтар азаматтарға хабарласып өздерін Астана қаласы Әділет департаментінің қызметкерлері ретінде таныстырып, жеке деректерін сұрауда. Осыған орай, Астана қаласы Әділет департаменті бейтаныс азаматтарға немесе телефон шалған бөтен тұлғалар мен
интернет-ресурстарға дербес деректері туралы (жеке куәлік деректері, ЖСН нөмірі, банк карточкаларының мәліметі, мекен-жайы) мәліметтерін таратпауды сұрайды. Астана қаласы Әділет департаментінің қызметкерлері телефон арқылы азаматтардың жеке деректерін сұратпайды. Егерде сіз аталған фактілермен бетпе-бет келген болсаңыз, құқық қорғау органдарына хабарласуларыңыз қажет.
Естеріңізге сала кетейік, Астана қаласы Әділет департаменті қызметі туралы қандай да бір ақпарат алғыңыз келсе, 32 11 54 сенім телефонына хабарласуыңызға болады.