
2025 жылғы 3 шілдеде 2025 жылға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру аясында Департамент қызметкерлері Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің РММ «№64 мекемесіне» барды.
Аталған мекеме - әртүрлі санаттағы қылмыстық істер бойынша, оның ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін қамалған адамдар ұсталып отырған тергеу изоляторы болып табылады.
Мекемеге бару мемлекеттік қызметшілерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақты ойлау жүйесін қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық үшін жазаның болмай қоймайтынын ұғыну және заңнаманы сақтау бойынша жеке жауапкершілікті арттыру мақсатында ұйымдастырылды.
Іс-шара Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2025 жылға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспарының 17-тармағына сәйкес жүзеге асырылды (Министрлік аппараты басшысының 2024 жылғы 31 желтоқсандағы №497 бұйрығына сәйкес).