BasQaru” YouTube арнасының подкаст

BasQaru” YouTube арнасының подкаст

«Заң және Тәртіп» қағидаттарын ілгерілету мақсатында 2025 жылғы 23 маусымда Астана қаласы адвокаттар алқасының адвокаты А.Т. Аяфов және құқықтық түсіндіру жұмысы және заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің бас маманы Б.К. Смагулов “BasQaru” YouTube арнасының подкаст жазбасына қатысты.

Эфир «Құқықтық сауаттылық» тақырыбына арналды. Қатысушылар құқықтық көмек алу тәртібі, құқықтарды білу маңыздылығы жөнінде ой бөлісіп, тәжірибелік кеңестер берді. Сұхбат мазмұнды, ашық әрі көпшілікке түсінікті форматта өтті.

Сонымен қатар, тыңдармандарға Adilet.zan.kz порталында жасанды интеллект негізіндегі жаңа чат-боттың іске қосылғаны туралы ақпарат ұсынылды. Бұл онлайн құрал арқылы азаматтар құқықтық мәселелер бойынша жылдам әрі ыңғайлы түрде ақпарат ала алады.