2025 жылғы 23 мамырда, «Заң және тәртіп» қағидаттарын ілгерілету мақсатында Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының қызметкерлеріне арналған «Нотариаттық қызметтің өзекті мәселелері» тақырыбында семинар өткізілді.
Семинарға Астана қаласының жекеше нотариусы Н.Т.Смагулова және Құқықтық түсіндіру жұмысы және заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің бас маманы Б.К. Смагулов қатысты.
Іс-шара барысында мұрагерлік, сенімхат және атқарушылық жазба мәселелері қаралды. Қатысушылар нақты құқықтық түсіндірмелер алды.