2025 жылғы 29 сәуірде Астана қаласы Әділет департаментінің Зияткерлік меншік құқығы бөлімінің басшысы А.М. Сибагатова «Тіл – ұлттық құндылық» тақырыбы бойынша Еуразиалық ұлттық университетінің студенттеріне дәріс өткізді.
Дәріс қорытындысы бойынша қатысушыларға Қазақстан Республикасында тiлдердiң қолданылуының құқықтық негiздерi, мемлекеттiң оларды оқып-үйрену мен дамыту үшiн жағдай жасау жөнiндегi мiндеттерiн белгiлеуi, Қазақстан Республикасында қолданылатын барлық тiлге бiрдей құрметпен қарауды қамтамасыз етуiне қатысты нормалары түсіндірілді.