
уллинг мәселесі бүгінгі күні қоғамда өзекті тақырыптардың бірі болып отыр. Осы орайда, Тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімінің жетекші маманы А.А. Байсалбаева мектеп оқушыларымен кездесу өткізіп, буллингтің алдын алу жолдарын талқылады.
Кездесу барысында А.А. Байсалбаева оқушыларға буллингтің түрлері, оның психологиялық және құқықтық салдары туралы толық мәлімет берді. Мамандардың айтуынша, буллинг тек физикалық зорлық-зомбылықпен ғана шектелмей, сондай-ақ психологиялық қысым, кибербуллинг сияқты формаларды да қамтиды.
Кездесу барысында оқушылар буллинг жағдайларымен қалай күресу керек екенін, қиын жағдайға тап болғанда кімге жүгіну қажеттігін білді. Сондай-ақ маман балаларды бір-бірін қолдауға, өзара құрмет көрсетуге шақырды.
Оқушылар өз тарапынан да буллингке қарсы күрестің маңыздылығын түсініп, болашақта өздерін қорғау және өзгелерді қолдау тәсілдерімен танысты. Кездесу ашық диалог форматында өтіп, балалар көкейдегі сұрақтарына жауап алды.
Бұл кездесу буллингтің алдын алу бағытындағы маңызды қадамдардың бірі болып табылады. Алдағы уақытта осындай шаралар өз жалғасын табады деп жоспарлануда.