2025 жылғы 8 мамырда Алматы қаласының Әділет департаменті басшысы Б.Т.Кесебаева Жеңіс күні қарсаңында мектеп оқушыларымен кездесті. Кездесу патриоттық тәрбие беру және тарихи сананы қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды.
Кездесу барысында Ұлы Отан соғысының тарихи маңызы, батырлардың ерлігі және қазіргі ұрпақтың алдындағы жауапкершілік туралы әңгімеледі. Оқушыларға ардагерлердің ерліктерін құрметтеу, ел тарихын қастерлеу сынды құндылықтар насихатталды.Сонымен қатар,департамент басшысы оқушылармен Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойып, соғыс қаһармандарына құрмет көрсетті.
Мұндай кездесулер жас ұрпақтың тарихи санасын қалыптастыруға және Жеңіс күніне деген құрметін арттыруға септігін тигізеді. Әділет департаментінің бастамасымен ұйымдастырылған бұл шара жастар арасында патриоттық рухты нығайтудың жарқын үлгісі болды.