8 мамырда Алматы қаласындағы 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағында Ұлы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында Әділет департаментінің ұжымы Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойып, соғыс қаһармандарына құрмет көрсетті.
Жеңіс күні — адамзат тарихындағы ең қасіретті әрі қаһармандық жылдарды еске салатын маңызды күн. 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы миллиондаған адамның өмірін қиып, әр отбасына қайғы әкелді.
Панфиловшылар саябағы — Алматының жүрегінде орналасқан, Жеңіс рухын сақтаған қасиетті орындардың бірі. Бұл жерге келген әрбір адам тарихтың терең қатпарларын еске алып, майдангерлердің ерлігіне тағзым етеді.