Салтанатты түрде ант қабылдау рәсімі өтті

Салтанатты түрде ант қабылдау рәсімі өтті

Әділет департаментінде  жас мемлекеттік қызметшілердің салтанатты ант беру рәсімі өтті. Мемлекеттік қызметке жаңадан қабылданған жас мамандар бұл күнді ерекше толқыныспен, зор жауапкершілікпен қарсы алды.

Мемлекеттік қызметші болу – бұл үлкен мәртебе ғана емес, сонымен қатар ел мен халыққа адал қызмет етуге ант беру деген сөз. Бүгінгі күн – сіздердің кәсіби жолдарыңыздың бастауы. Сіздерге сенім артылып отыр. Осы сенімді ақтайсыздар деп сенеміз, — деді өз сөзінде Б.Т.Кесебаева.

Ант беру рәсімі Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңына сәйкес өтті. Әрбір жас маман Қазақстан халқына адал қызмет етуге, заңдылық пен әдеп нормаларын сақтауға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуге салтанатты түрде ант етті.

Салтанатты бөлімнен кейін жастарға мемлекеттік қызметтің этикасы, кәсіби біліктілік және мансаптық өсу мүмкіндіктері туралы ақпарат берілді. Сондай-ақ, өз ісіне адал мемлекеттік қызметшілердің өмір жолы үлгі ретінде ұсынылды.

Мұндай іс-шаралар жастардың бойында мемлекеттік қызметке деген құрметті арттырып, кәсіби және адамгершілік құндылықтарды нығайтуға бағытталған.