Қазақстан Республикасы Әділет департаментінің қызметкерлері жақында Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне қарасты «№ 11 мекемесі» республикалық мемлекеттік мекемесіне арнайы барып, сотталған азаматтарға құқықтық түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Мекемеге бару барысында Әділет департаменті қызметкерлері қамаудағыларға заңнамалық өзгерістер мен олардың құқықтары туралы толыққанды ақпарат берді. Түсіндірме жұмыстарының басты мақсаты – сотталған азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, оларды өз құқықтары мен міндеттерін дұрыс түсінуге бағыттау болды.Сондай-ақ,кездесуге Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының маманы Айсұлу Амангелдіқызы да қатысып жұмысқа орналасу бойынша өз кеңестерін берді.
Кездесу барысында құқық қорғаушылар азаматтық, еңбек, отбасылық және қылмыстық құқық саласындағы ең маңызды заңнамалық нормаларды түсіндіріп, жеке және қоғамдық құқықтардың сақталуы бойынша сұрақтарға жауап берді.
Әділет департаментінің өкілдері азаматтарға түзету мекемесінен шыққан соң қоғамда өз орнын табуға көмектесетін құқықтық кеңестер мен қолдау көрсетудің маңыздылығына да тоқталды. Сонымен қатар, қамаудағы тұлғалардың өмір сүру жағдайларын жақсарту және олардың әлеуметтік оңалтуына бағытталған шаралар туралы да айтылды.
Мұндай құқықтық түсіндірме жұмыстарын жүргізу әлі де маңызды және қоғамға пайдалы деп саналады, себебі ол азаматтардың заңды құқықтарын қорғап, олардың өз құқықтары мен міндеттерін түсініп, келешекте қоғамға толыққанды бейімделулеріне септігін тигізеді. Кездесу соңында сотталғандар тарапынан құқықтық сауаттылықты арттыру бойынша сұрақтар қойылып, олар өздерінің алаңдатқан мәселелері туралы сұрап, қажетті кеңестер алды.
Бұл іс-шара Әділет департаменті мен Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті арасындағы тығыз ынтымақтастықтың көрінісі болып, сотталған азаматтардың құқықтық қорғалуын қамтамасыз ету мен заңды құрметтеуді насихаттау мақсатында ұйымдастырылды.