Алматы қаласында LEGO тауар белгілерін заңсыз пайдаланған 2 500-ден астам контрафакт өнім жойылды

Алматы қаласында LEGO тауар белгілерін заңсыз пайдаланған 2 500-ден астам контрафакт өнім жойылды

Алматы қаласында LEGO тауар белгілерін заңсыз пайдаланған 2 500-ден астам контрафакт өнім жойылды

2025 жылғы 16 сәуірде Алматы қаласында LEGO тауар белгілерін заңсыз пайдаланумен шығарылған ірі көлемдегі контрафакт өнімді жою рәсімі өткізілді. Заңды күшіне енген сот шешіміне сәйкес, белгісіз шығу тегі бар және сапасына күмән келтірілетін 2 500-ден астам жалған өнім тәркіленіп, жойылды.

Жою процесі құқық иесінің өкілі — халықаралық LEGO компаниясының аға заң кеңесшісі Кузнецова Анастасия Андреевнаның қатысуымен жүзеге асырылды.

Контрафакт тек қана заң бұзушылық емес — ол адал бәсекелестік қағидаттарын бұзады, тұтынушыларды жаңылыстырады және отандық әрі халықаралық брендтердің абыройына нұқсан келтіреді. Тауар белгілерін қорғау — бұл әділетті нарықты, әрбір азаматтың сапалы өнімге құқығын және заңды экономиканың беделіне деген сенімді қорғау.

Алматы қаласының Әділет департаменті зияткерлік меншік саласындағы құқықтық тәртіп қағидаттарын жүйелі түрде қорғауды жалғастырады. Біз тек құқық иелерінің мүдделерін ғана емес, Қазақстандағы адал бизнестің болашағын да қорғаймыз. Заң бар — және ол қолданылатын болады.

ЖОЮ ПРОЦЕССІ