2025 жылғы 16 сәуірде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік орталық музейінде 🏛 III Республикалық акварельдік кескіндеме көрмесінің — «Акварельді фреш» 🎨 салтанатты ашылуы өтті. Шараға еліміздің әр өңірінен келген 56 суретші 👨🎨👩🎨 қатысты, көрмеде 110-нан астам туынды 🖼 қойылды.
Көрме аясында Зияткерлік меншік құқықтары бөлімі мамандары — Жетпісбаев Еркебұлан Серікқалиевич пен Бекботаев Алмас Нұржанұлы 👔 авторлық және сабақтас құқықтарды құқықтық қорғау ⚖ мәселелері бойынша қатысушылар мен келушілерге түсіндіру жұмыстарын 📘 жүргізіп, өнер туындыларын құқықтық қорғаудың өзекті мәселелерін 🧠 талқылады.
Шараны ұйымдастырушылар мен серіктестер — «Tokkozha Art» 🛍 және «Невская палитра» көркем бояу зауыты 🖌 — қазақстандық суретшілердің мәдени мұрасы мен зияткерлік еңбегін қорғау ісінде әділет органдарымен өзара іс-қимыл жасаудың маңыздылығын атап өтті.