Алматы қаласы Әділет департаменті 2025 жылғы 10 сәуір мен 10 мамыр аралығында өтетін «Антиконтрафакт» республикалық акциясының басталғанын хабарлайды

Алматы қаласы Әділет департаменті 2025 жылғы 10 сәуір мен 10 мамыр аралығында өтетін «Антиконтрафакт» республикалық акциясының басталғанын хабарлайды

🔹 Алматы қаласы Әділет департаменті 2025 жылғы 10 сәуір мен 10 мамыр аралығында өтетін «Антиконтрафакт» республикалық акциясының басталғанын хабарлайды. Акцияның мақсаты — зияткерлік меншік құқықтарын қорғау және контрафакт өнімдерінің таралуы туралы халықтың хабардарлығын арттыру.

📌 Осы акция аясында 10-25 сәуір аралығында «Бірге контрафактіге қарсымыз» атты фотосуретке арналған республикалық конкурстың аймақтық кезеңі өтеді. Конкурс 14-18 жас аралығындағы жасөспірімдерге арналған. Конкурс екі кезеңнен тұрады:
▪ I кезең — аймақтық. 25 сәуірге дейін жұмыстарды комиссиялар қарап, бір үздік фотосурет (конкурстың тақырыбына сәйкес келетін фото) ҚР Әділет министрлігіне жіберіледі.
▪ II кезең — республикалық. Қорытынды кезең 2025 жылғы 10 мамырда өтеді.

❗Қатысушының Instagram жеке профилі ашық болуы тиіс. Фото #Антиконтрафакт2025 хештегімен және @adiletgovkz аккаунтын белгілеу қажет.

📩 Қатысу үшін фото, өтінім және құжаттардың көшірмелерін 25 сәуірге дейін a.bekbotaev@adilet.gov.kz электронды поштаға немесе WhatsApp арқылы 8 777 252 2323 нөміріне жіберу қажет.

🎁 Конкурс жеңімпаздары екі номинация бойынша бағалы сыйлықтармен марапатталады:
1) Ең көп лайк жинаған фотосурет
2) «Кадр шебері» номинациясы