"Қорғас" Халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталығында зияткерлік меншікті қорғау мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті

"Қорғас" Халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталығы базасында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдері, халықаралық тауар белгілерінің құқық иеленушілері және елдің барлық өңірлерінен келген кеден органдары қызметкерлерінің қатысуымен жұмыс кездесуі өтті.

Іс-шара зияткерлік меншік нысандарына құқықтарды қорғау саласындағы тәжірибелік өзара іс-қимыл мәселелеріне, әсіресе – контрафактілік өнімді анықтау және оның елге әкелінуінің жолын кесу мәселелеріне арналды.

Кездесу барысында құқық иеленушілер түпнұсқа өнімнің ерекшеліктерін таныстырды, жасандылардың әдеттегі белгілерін атап өтті, сондай-ақ шекарада брендтерді анықтауға арналған тиімді құралдарды ұсынды.

Алматы қаласының Әділет департаментінің тәжірибесінен нақты мысалдар қаралды, шығу тегі белгісіз және сапасы күмәнді контрафактілік өнімдердің айналымға түсуімен байланысты қауіптер талқыланды.

Айрықша назар кеден органдары мен құқық иеленушілер арасында тұрақты байланыс арнасын орнату, сондай-ақ ақпаратпен жедел алмасу мәселелеріне аударылды.