20 қараша 2023 жылы Алматы қаласы Әділет департаментінде ҚР ӘМ Әдеп жөніндегі уәкілінің тапсырмасын орындау шеңберінде Департаменттің мемлекеттік қызметкерлерімен семинар өткізілді.
Семинарға Департамент басшысының орынбасары – Әдеп жөніндегі уәкіл Сатхожина З.М. және Департамент қызметкерлері қатысты.
Баяндамашы барлық қатысушыларды ҚР мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің 3 бабының 6 тармақ 10 тармақшасына 2.11.2023 жылғы ҚР Президентінің үкімімен енгізілген өзгертулермен, атап айтқанда, мемлекеттік қызметкерлер ойын мекемелеріне қызметтік міндеттерін атқарудан тыс уақытта барудан аулақ болуға тиіс екендігі жөнінде нұсқаулармен таныстырып өтті.