2023 жылғы 10 Қарашада Әдеп жөніндегі уәкілдің іс - шаралар жоспарын және ҚР ӘМ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2023 жылға арналған іс-шаралар жоспарын орындау шеңберінде, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың және ҚР мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің нормаларын бұзушылықтардың алдын алу және болдырмау мақсатында Алматы қаласы Әділет департаментінде (бұдан әрі-Департамент) осы тақырыпта семинар өткізілді.
Семинар жұмысына Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл агенттігі департаментінің превенция басқармасының басшысы Қ.А. Сәлімбаев, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментінің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы Ш.М. Турдуев, Департамент басшысының орынбасары - Әдеп жөніндегі уәкіл З.М. Сатхожина және Департамент қызметкерлері қатысты.
Баяндамашылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы инновациялар туралы айтып, 2023 жылдың 10 айындағы мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын бұзуы бойынша статистикамен таныстырды, сондай-ақ ұсталуға және зардаптарға әкеп соқтырған мемлекеттік қызметшілердің ойластырылмаған әрекеттері туралы әлеуметтік роликтер көрсетілді.
З.М. Сатхожина сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүйелі сипатта болуы тиіс екенін, сондықтан барлық мемлекеттік органдардың, оның ішінде Департаменттің күнделікті қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылатынын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама мен этикалық нормалардың сақталуы мемлекетіміздің әрбір азаматының міндеті болып табылатынын атап өтті.