Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі 2023 жылғы 16 қазанда Алматы қаласында «Тауар белгілері мен маркетплейстер: Нені білу маңызды?». Іс-шара маркетплейстерде контрафактілік және заңсыз өнімдердің таралуына қарсы іс-қимыл мәселелеріне арналды.
Спикерлер ретінде Қазақстанның мемлекеттік органдарының, құқық иелерінің, REACT қауымдастығының (штаб-пәтері Амстердамда), маркетплейстердің, Қазақстан мен Ресей заң компанияларының өкілдері сөз сөйледі.
Дөңгелек үстелді аша отырып, Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова «бүгінгі таңда маркетплейстер тауарлар мен қызметтерді сатудың ең қарқынды дамып келе жатқан арналарының бірі болып табылады және құқық иеленушілер өз құқықтарын қорғау үшін соңғы үрдістерден хабардар болып, маркетплейстерде тауар белгілерін қорғау үшін қандай шаралар қолдануға болатынын білуі қажет.
Жалпы, маркетплейстерде құқық иелерінің құқықтарын қорғаудың тиімділігін арттыру үшін құқық иелері, маркетплейстер мен сатушылар арасында тығыз өзара іс-қимыл қажет.»
Дөңгелек үстелге қатысушылар соңғы жылдары маркетплейстердің танымалдылығының артуы осы платформаларда сатылатын контрафактілік және заңсыз өнім көлемінің ұлғаюына әкелгенін атап өтті. Бұл құқық иелерінің құқықтарына, сондай-ақ бәсекелестік пен тұтынушылардың қауіпсіздігіне нұқсан келтіреді.
Jusan, Kaspi, Ozon, Wildberries маркетплейстерінің өкілдері осы мәселенің өзектілігін, сондай-ақ бизнесті зияткерлік меншік объектілерін пайдалану негіздеріне оқыту қажеттігін атап өтті.
Дөңгелек үстел халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру жөніндегі іс-шаралар шеңберінде ұйымдастырылды. Іс-шара бизнес пен тұтынушыларды зияткерлік меншік объектілерін пайдалану ережелері және контрафактілік өнімді сатып алуға байланысты тәуекелдер туралы хабардар етуге бағытталған.