2023 жылғы 22 қыркүйекте Алматы қаласы Әділет департаментінде "Ашық есік күні" акциясы өткізілді.
Алматы қаласы Әділет департаментінің басшысы Кесебаева Балаим Туғанбайқызы азаматтар мен заңды тұлғалардың өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында Әділет органдарының негізгі бағыттары және қызметтері туралы айтылды.
Пікір алмасып, сұрақтар қойылып, жауаптар алынды.
Мұндай кездесулер алдағы уақытта тұрақты түрде жалғасады.