Сауле Олжабайқызы Копбаева – Алматы қаласы Әділет департаментінің атқарушылық іс жүргізу бөлімінің бас маманы

Сауле Олжабайқызы Копбаева – Алматы қаласы Әділет департаментінің атқарушылық іс жүргізу бөлімінің бас маманы

Сауле Олжабайқызы Копбаева – Алматы қаласы Әділет департаментінің атқарушылық іс жүргізу бөлімінің бас маманы.


1976 жылы Павлодар облысында дүниеге келген.

2001 жылы Қарағанды экономикалық универститінің "құқықтану" заң факултенінің аяқтаған.
Мемлекеттік қызмет тәжірибесі 23 жыл.

Еңбек жолы 1997 жылы Павлодар облысы Әділет департаментінің Ильичев ауданының сотының хатшысы болып бастаған.

Осы жылдар ішінде Павлодар облыстық сотының кеңсе менгерушісі, бас маманы, заңды тұлғаларды тіркеу бөлімінің бас маманы, Алматы қаласы Әділет департаментінің атқарушы іс жүргізу басқармасының орындаушылардың қызметін ұйымдастыру бөлімінің бас маманы қызметтерін атқарды.


Қазақстан заңгерлер одағының мүшесі. Оның жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына лицензиясы бар.

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Әділет оргындары жұйесінің құрметті қызметкері» деген белгісі бар.

2022- 2023 жылдары аралығында 1,7 мың өтініш қаралды, соның ішінде, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің тапсырмасымен келіп түскен өтініштері, бұқаралық ақпарат құралдарында атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша әртүрлі тақырыптағы 15-ден астам мақалалар жарияланды, сонымен қатар, бөлімнің жас мамандарының тәлімгерлігі бойынша бейімдеу жұмыстарын үнемі жүргізеді.

Сауле Олжабаевна Копбаева жұмыс тобының құрамында Қазақстан Республикасының «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Заңының әзірлеуге қатысты, сондай-ақ, ұсыныстар енгізді.

Сауле Олжабаевна Копбаевамен жеке сот орындаушыларының қызмет орнына барып, 100-ге жуық жоспарлы тексеру жүргізілді және бөліммен бірлесіп, қолданыстағы заңнама нормаларын сақтай отырып, жеке сот орындаушыларының атқарушылық іс жүргізуді орындау сапасы мен толықтығын арттыру мақсатындағы жұмыс тұрақты жүргізілуде.

2023 жылдан бастап тоқсансайынғы негізде Алматы қаласының жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасымен бірлесіп, прокуратура органдарының, халықты жұмыспен қамту орталығының, сондай-ақ басқа да кәсіпорындар мен ұйымдардың қатысуымен алимент өндіріп алу туралы өндірістері бойынша берешегі бар азаматтарды жұмысқа орналастыру бойынша бос орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылады, мәселен, 200-ден астам борышкерлердің қатысуымен екі бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізу кезеңінде олардың 100-ден астамы одан әрі жұмысқа орналасуға өтінім берді.