Мемлекеттік қызметтің оң имиджін нығайту мақсатында Алматы қаласы Әділет департаментінің жұмыста өзін лайықты көрсеткен жас мемлекеттік қызметшілері туралы циклды назарларыңызға ұсынамыз.

Мемлекеттік қызметтің оң имиджін нығайту мақсатында Алматы қаласы Әділет департаментінің жұмыста өзін лайықты көрсеткен жас мемлекеттік қызметшілері туралы циклды назарларыңызға ұсынамыз.

Мемлекеттік қызметтің оң имиджін нығайту мақсатында Алматы қаласы Әділет департаментінің жұмыста өзін лайықты көрсеткен жас мемлекеттік қызметшілері туралы циклды назарларыңызға ұсынамыз.

Жетпісбаев Еркебұлан Серікқалиевич – Алматы қаласы Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқықтары бөлімінің басшысы.

7маусым 1991 жылы Атырау қаласында туылған. 2013 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің «Халықаралық құқық» мамандығын үздік дипломмен бітірді.

2014 жылы Латвия қаласында Балтық халықаралық Академиясында «Құқықтану» бағыты бойынша ғылыми тағылымдамадан өтті және 2015 жылыАбай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университетінің заң факультетіне «Құқық» мамандағы бойынша «Адамды саудаға салумен күрестің криминологиялық мәселелері» атты тақырыпта магистрлік диссертациясын сәтті қорғап шықты.

Қазіргі таңда Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университетінің Phd докторанты.

Еңбек жолын Алматы қаласы Әділет департаментінде 2015 жылы бастаған. Қазақстан Заңгерлерінің Одағының мүшесі.Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «адвокаттық қызметпен айналысуға» рұқсат етілген лицензиясына ие.

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Әділет органдарының үздігі» төсбелгісімен наградталған.

2022 жылдан бастап Д.А. Қонаев атындағы Еуразиялық Заң академиясының құқық факультетінде қосымша оқытушылық қызметті және Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бастамасымен бастау алған «Жас қыран» жас мемлекеттік қызметшілер мектебінің лекторы болып қызмет атқаруда.    

Республикалық «Заң» және «Үш қоңыр» газеттерімен «Тағылым» журналдарына және т.б. баспаларға берілген 30-дан астам ғылыми мақалалардың авторы. Теледидардағы бағдарламаларға және радиоға өз саласының бағыты бойынша үнемі сұхбаттар беріп тұрады

НЕГІЗГІ  ЕҢБЕКТЕРІ:

«Қылмыс жасаған дипломатиялық иммунитеті бар тұлғалардың құқықтық жауапкершілік мәселесі» - Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Ғылым әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың конференциясының шығарылымы. 19-21 сәуір 2011 жыл. 20 бет.; «Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының қылмыстық саясатының негізгі бағыттары» - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерінің 20 жылдығына арналған қылмыстық құқықтың, қылмыстық іс жүргізудің және криминалистиканың өзекті мәселелері тақырыбындағы жоғары оқу орындарының арасындағы жыл сайынғы магистранттар мен студенттердің ғылыми конференциясының ІІІ шығарылымы. 25 мамыр 2012 жыл. 87-90 бет.; «Қылмыстық саясат бағыттарының бірі – өлім жазасын қолдануды тарылту әрекеттері» - қылмыстық құқықтың, қылмыстық іс жүргізудің және криминалистиканың өзекті мәселелері тақырыбындағы жоғары оқу орындарының арасындағы жыл сайынғы магистранттар мен студенттердің ғылыми конференциясының ІV шығарылымы. 29 қазан 2012 жыл. 80-82 бет.;               «Тауар таңбасы» - «Үш қоңыр» (Республикалық әдебиет, мәдениет және өнер газеті) №8 (475) 2020ж. 2 бет.; «Президент жолдауы – еліміздің дамуының айқын бағдары» - «Үш қоңыр» (Республикалық әдебиет, мәдениет және өнер газеті) №17 (484) 2020ж. 5 бет.; «Зияткерлік меншік» - «Үш қоңыр» (Республикалық әдебиет, мәдениет және өнер газеті) №34 (501) 2020ж. 2 бет.; «Жемқорлықпен күрес-заман талабы» - «Үш қоңыр» (Республикалық әдебиет, мәдениет және өнер газеті) №35 (502) 2020ж. 2 бет.; «Контрафактілік өнімдермен күрес» - «Үш қоңыр» (Республикалық әдебиет, мәдениет және өнер газеті) №39 (506) 2020ж. 2 бет.; "Қазақстанның индустриалды- инновациялық дамуының зияткерлік меншік бағытымен байланысы" - «Үш қоңыр» (Республикалық әдебиет, мәдениет және өнер газеті) №4 (523) 2021ж. 2 бет.; «Контрафактілі өнімнің зияны» - «Үш қоңыр» (Республикалық әдебиет, мәдениет және өнер газеті) №15 (534) 2021ж. 2 бет.; «Құқықтық насихат-басты назарда» - «Заң» (Қоғамдық-саяси, құқықтық газеті) №59 (3384) 2021ж. 1 және 5 бет.; «Тауар белгісі – өнімді дараландыру белгісі» - «Заң» (Қоғамдық-саяси, құқықтық газеті) №15 (3443) 2022ж. 3 бет.; «Ответственность за незаконное использование товарного знака, знака обслуживания, наименования места происхождения товара или фирменного наименования» - «ТАҒЫЛЫМ» (Республикалық ғылыми – әдістемелік журнал) №11 (106), VIII бөлім, қараша 2022 жыл. 6-8 бет; «Зияткерлік меншік құқығын қорғау – ел дамуының негізгі бастауы» -  ҚР еңбек сіңірген қайраткері, заң ғылымдарының докторы, профессор           Өмірәлі Шакарапұлы Жалаиридің 80-жылдық мерейтойына орай өткізіліп отырған «Жаңа Қазақстанның құрылысы: саяси-құқықтық, экономикалық және әлеуметтік-мәдени негіздері» атты тақырыптағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдарының жинағы, 13 желтоқсан 2022 ж. 208-210 бет.