2022 жылдаң 28 шілдесінде Алматы қаласы Әділет Департаментімен Алматы қаласы жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының қатысуымен, жеке сот орындаушыларымен кеңес өткізілді.

2022 жылдаң 28 шілдесінде Алматы қаласы Әділет Департаментімен Алматы қаласы жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының қатысуымен, жеке сот орындаушыларымен кеңес өткізілді.

 

2022 жылдың 28 шілдесінде Алматы қаласы Әділет Департаментімен Алматы қаласы жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының қатысуымен, жеке сот орындаушыларымен кеңес өткізілді. Кеңес барысында жеке сот орындаушылардың атқарған жұмыстарында жіберілген қателіктеріне қатысты түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, сот актілерінің талаптарын орындау барысында Заңнамалық актілерге сәйкес, мәжбүрлі орындауға бағытталған барлық шараларды қолдану қажет екендігі жеткізілді. Сонымен қатар, құзіреті шегінде алимент бойынша қарызы бар борышкерлердің автокөлік құралдарын  ұстауға қатысты жұмыстарды күшейту туралы сұрақтар козғалды.

Сонымен қатар, жеке сот орындаушылармен борышкерлерді әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы ұсынысты сапалы жасау және енгізу қажеттігі туралы айтылды. Алименттерді өндіріп алу және проблемалық өндірістер санын азайту сияқты әлеуметтік мәселелер қаралды.

Сондай-ақ, кеңесте жеке сот орындаушыларының этикалық нормалары мен ар-намыс кодексін сақтау мәселелері көтерілді.

Алматы қаласы Әділет департаментінің баспасөз қызметі.