Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекесі - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күні қарсаңында, 2021 жылғы 30 қарашада Алматы қаласы Әділет департаментінде заң ғылымдарының докторы, профессор, "Тұран" университетінің ғылыми - зерттеу институтының директоры Әкімжанов Талғат Құрманұлына құрмет көрсетілді.

Әділет органдарының дамуына қосқан үлесі, заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтудағы Әділет рөлі туралы бұқаралық ақпарат құралдарында құқықтық түсіндіру жұмысын жүргізгені, Қазақстан Республикасы Әділет органдары жүйесі үшін кәсіби заңгер - құқықтанушыларды дайындағаны және осы бағыттағы белсенді ғылыми жұмысы үшін Т.Қ. Әкімжанов Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ведомстволық наградасы – «Әділет органдары жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталды.