Алматы қаласы Әділет Департаменті  2021 ж. 17 қарашасына дейін  тағылымдамадан өткен және жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды тестілеу және аттестаттаудан өткізу  бойынша өтініштерді қабылдауды жүзеге асырады. 

Алматы қаласы Әділет Департаменті  2021 ж. 17 қарашасына дейін  тағылымдамадан өткен және жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды тестілеу және аттестаттаудан өткізу  бойынша өтініштерді қабылдауды жүзеге асырады. 

Алматы қаласы Әділет Департаменті  2021 ж. 17 қарашасына дейін  тағылымдамадан өткен және жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды тестілеу және аттестаттаудан өткізу  бойынша өтініштерді қабылдауды жүзеге асырады. 

«Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» 141-1 бабы 2 тармағына сәйкес жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адам тағылымдамадан өткеннен кейін тұрғылықты жері бойынша тиісті жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттау жөніндегі комиссияға облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық органдары арқылы өзін аттестаттауға жіберу туралы өтінішті Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген құжаттармен қоса жібереді.

Заңңын 141  бабы 1 тармағына сәйкес тағылымдамадан өткен адамдар облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық органдарында құрылатын, жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттау жөніндегі комиссияларда аттестаттаудан өтеді.

Үміткерге қойылатын негізгі талаптар Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы №32 бұйрығымен бекітілген  біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесіне сәйкес белгіленген.

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 11 қаңтардағы №61 бұйрығымен бекітілген,«Тағылымдамадан өткен және жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуқұқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартына (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты)сәйкес, өтініштерді қабылдау "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы(бұдан әрі - портал)арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартына сәйкесаталған мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу үшін аттестаттаудан өтуге жіберу туралы өтініш;

2) мынадай ақпараты бар осы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартының 3-қосымшасынасәйкес мәліметтер нысаны:

      дипломының бар екендігі туралы;

      тағылымдамадан өткендігі туралы;

3) наркологиялық және психиатриялық диспансерлерден үмiткердiң тұрғылықты жерi бойынша, оларды ұсынғанға дейін бір айдан аспайтын мерзімде берiлген анықтамалар.

Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды портал арқылы тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы белгі көрсетіледі.

 

Байланыс телефоны: +7 (727) 291-85-26