Патенттік сенім білдірілген өкілдердің кандидаттарына арналған Жадынама

Патенттік сенім білдірілген өкілдердің кандидаттарына арналған Жадынама

Патенттік сенім білдірілген өкілдердің кандидаттарына арналған Жадынама

          Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, жоғары білімі және кемінде төрт жыл еңбек өтілі бар, аттестаттаудан өткен және патенттік сенім білдірілген өкілдер тізілімінде тіркелген әрекеттке қабілетті Қазақстан Республикасының азаматы патенттік сенім білдірілген өкіл болуға құқылы.

          Қазақстан Республикасындағы патенттік сенім білдірілген өкілдердің қызметі «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 46-бабына (әрі қарай – «Тауар таңбалары туралы» Заңы), Қазақстан Республикасы Патенттік Заңының 36-бабына (әрі қарай – Патенттік Заң), «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 22-4-бабына (әрі қарай – «Селекциялық жетістіктер туралы» Заңы), «Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабына (әрі қарай – «Интегралдық микросхемалар туралы» Заңы) сәйкес реттеледі.

          Аттестаттау тиісті жарты жылдықтың соңғы айының 7 жұмыс күні ішінде (яғни жарты жылда бір рет маусым және желтоқсан айларында) өткізіледі (ҚР Әділет министрінің 2018 жылғы 28 тамыздағы №1316 бұйрығымен бекітілген патенттік сенім білдірілген өкілдерге кандидаттарды аттестаттаудан өткізу, патенттік сенім білдірілген өкілдер тізілімінде тіркеу және оған өзгерістер енгізу қағидаларының 17 тармағы (әрі қарай - Қағида)

            Патенттік сенім білдірілген өкілдерге кандидаттарды аттесттау зияткерлік меншік обьектілерін қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеу нысанында («Тауар таңбалары туралы», «Селекциялық жетістіктер туралы», «Интегралдық микросхемалар туралы» Заңдар және Патенттік заң) жүзеге асырылады және бір дұрыс жауабы бар кемінде төрт нұсқадан тұрады (Қағиданың 4-тармағы).

            Тестілеуге бөлінген уақыт тоқсан минутты құрайды (Қағиданың            12-тармағы).

            Егер дұрыс жауаптар саны қойылған сұрақтардың жалпы санымен 70% және одан жоғары болса, үміткер тестілеуден өтті деп есептеледі (Қағиданың   16-тармағы).

            Аттестаттау нәтижелері бойынша «патенттік сенім білдірілген өкіл куәлігін беру» қызметін көрсетуге өтініш беріледі.

          Кандидаттарды патенттік сенім білдірілген тұлғаларға аттестаттауға жіберілмейді:  

  • Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кәсіпкерлік қызметпен айналысуға тыйым салынады;
  • Уәкілетті органның және оның ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының қызметкерлері, сондай-ақ олардың жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) болып табылатын тұлғалар;
  • Қылмыс жасағаны үшін заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар адамдар;
  • Осы Заңға сәйкес патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімінен алып тасталғандар («Тауар таңбалары туралы» Заңның 46-бабының 2 тармағы, Патенттік Заңның 36-бабының 2 тармағы, «Интегралдық микросхемалар туралы» Заңның 15-бабының 2 тармағы, «Селекциялық жетістіктер туралы» Заңның 22-4-бабының 2 тармағы).

            Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық Кодексі) Кодексінің 614-бабына сәйкес:

          Патенттік сенім білдірілген өкілдерді аттестағаны үшін – 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш;

          Патенттік сенім білдірілген өкіл ретінде тіркелгені үшін – 1 (бір) айлық есептік көрсеткіш.

          *Қосымша ақпарат алу үшін ҚР Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы департаментіне 8-778-737-63-40, 55-88-21 (басқарма басшысы Музатова Меруерт Амангельдиевна) телефоны арқылы немесе m.muzatova@adilet.gov.kz. электрондық поштасы арқылы хабарласа аласыз.