Алматы қаласының Әділет департаменті, Алматы қаласының жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасымен, Алматы қаласының халықты жұмыспен қамту орталығымен бірлесіп, 30.09.2021 жылы сағат 10:00 –де «Алимент бойынша берешегі бар жұмысқа орналаспаған тұлғалар үшін бос орындар жәрмеңкесін» өткізді.
Бүгінгі таңда Алматы қаласы бойынша 12 000-нан астам атқарушылық іс қозғалған, оның ішінде 344 –і проблемалық болып табылады
Аталған жәрмеңке алименттерді өндіріп алу бойынша жұмысқа орналастыру, балаларға нақты, пәрменді көмек көрсету, «Алименттер» санаты бойынша сот актілерін орындаудың тиімділігін арттыру, проблемалық өндірістер санын қысқарту мақсатынла өткізілді.
Өткізілетін «Жәрмеңкеге» 30-ға жуық компания қатысты, олардың ішінде Қазақтелеком АҚ , Алматы Шипажайы, Технодом ЖШС, Рахат АҚ, сияқты мемлекет қатысатын компаниялар бар, еліміздің ірі құрылыс компаниялары, өнеркәсіптік кәріпорындар және т.б.
Аталған іс-шараға 200-ден астам борышкер қатысып, оның ішінде 50 адам жұмыс берушілермен алдын ала әнгімелесуден өтті.
Сонымен қатар, аталған іс-шара тұрақты негізде өткізілетінін хабарлаймыз .
Сондай – ақ, аталған іс-шараға кепілді мемлекеттік зан көмегі шеңберінде заң көмегін көрсеткен адвокаттар қатысты.
Осылайша, адвокаттар алимент өндіру мәселелері бойынша 5 өндіріп алушыға кеңес берді.
Сонымен қатар, аталған жәрмеңкеде «Rahym» әлеуметтік уйіне бос орындар ұсынылғанын, содан кейін 6 қоғамдық белсенді ресми түрде жұмысқа орналасқанын хабарлаймыз.
Сондай –ақ алимент өндіріп алу Әділет департаментінің ерекше бақылауында екенін хабарлаймыз.
Алматы қаласы Әділет департаментінің баспасөз қызметі