Алматы қаласы Әділет департаменті Қазақстанда Отбасы күніне арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес онлайн байқаудың басталғанын хабарлайды!!!
Суреттердің онлайн конкурсы Алматы қаласы Әділет департаменті қызметкерлерінің балалары арасында өткізіледі.
Сурет тақырыбы - «Менің бақытты отбасым»!
Барлық суреттердің ішінен ең үздік 3 жұмыс таңдалады (I, II, III орын), марапаттау үшін.
Сканерленген суреттер ұйымдастырушының электрондық мекен-жайына қабылданады: m.dyusembinova@adilet.gov.kz
Байқауға қатысу үшін жұмыстар 03.09.2021жылдан 09.09.2021 жылға дейін қабылданады.
Онлайн конкурстың нәтижелері 10.09.2021 жылы жарияланады.
Балаларыңызбен бірге сурет салыңыз және көмектесіңіз. Бұл өте көңілді және пайдалы.