«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру тәртібі туралы» семинар жүргізілді.

«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру тәртібі туралы» семинар жүргізілді.
31.03.2021 жылы Алматы қаласы Әділет департаменті басшысы А.С. Арап төрағалығымен департамент қызметкерлері арасында ҚР 2007 жылғы 12 қаңтардағы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру тәртібі туралы» № 221 Заңы мен ҚР Бас Прокурорының 18.12.2015 жылғы № 147 «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу Ережесін бекіту туралы» бұйрығының талаптарын орындалуы және бұл бағытта жұмыс сапасын арттыру, заңдылықтың бұзылуына жол бермеуі жөнінде онлайн режимде ZOOM қосымшасы арқылы семинар жүргізілді.
 
Семинар барысында Департамент әкімшілік бөлімінің бас маманы Г.Әжімхан жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау кезінде мерзімдерді сақтау мемлекеттік органдардың қызметіндегі маңызды көрсеткіш болып табылатынын ерекше атап өтті. Одан бөлек, Заңның 7 бабының 3 тармағына сәйкес, жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiмен жұмысты ұйымдастырудың, қабылдаудың, тiркеудiң және есепке алудың жай-күйi үшiн субъектiлердiң басшылары мен лауазымды тұлғалар дербес жауаптылықта болатыны ескертілді.