Тауар таңбасы дегеніміз не?

Тауар таңбасы дегеніміз не?

Тауар таңбасы дегеніміз не?

          Тауар таңбасы – бір заңды немесе жеке тұлға тауарларының басқа заңды немесе жеке тұлғалардың біртектес тауарларынан ажырату үшін қолданылатын таңбасы.

          Мемлекетімізде 1999 жылғы 26 шілдеде «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» Заң қабылданған. Аталмыш Заң тауар таңбаларын, қызмет көрсету таңбаларын және тауар шығарылған жерлердің атауларын тіркеуге, құқықтық қорғауға және пайдалануға байланысты туындайтын қатынастарды реттейді.

Тауар таңбасы кез келген түсте немесе сандық үйлесімінде тіркелуі мүмкін.

          Тауар таңбасына құқықтық қорғау Қазақстан Республикасы тауар таңбаларының мемлекеттік тізіліміндегі жазбамен куәландырылады және Қазақстан Республикасы тауар таңбаларының мемлекеттік тізілімінен үзінді-көшірмесімен расталады.

          Аталған Заңның 4 бабының 4 тармағына сәйкес, тауар таңбасының иесі куәлікте көрсетілген тауарлар мен қызметтерге қатысты өзіне тиесілі тауар таңбасын пайдалану мен оған иелік етудің айрықша құқығына ие болады. Қазақстан Республикасында қорғалатын тауар таңбасын оның иесінің келісімінсіз ешкім де пайдалана алмайды.  

          Ал егер тауар таңбасы иесінің рұқсатынсыз тауар таңбасын пайдаланған жағдайда, Қазақстан Республикасы «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» Заңының талаптарын бұзған жеке және заңды тұлғаларға әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік көзделеді.

Зияткерлік меншік құқықтары бөлімінің бас маманы Е. Шайхадинов