"Таза Қазақстан" аясында сенбілік өтті

"Таза Қазақстан" аясында сенбілік өтті

Қала күні мен Дүниежүзілік тазалық күні қарсаңында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Алматы қаласы Әділет департаментінің ұжымы сенбілікке қатысты.

Экологиялық шараға Алматы қаласы Әділет департаментінің басшысы Е.А. Сейдімбек бастаған департамент қызметкерлері атсалысты.

Сенбілік барысында аумақты тазалау, абаттандыру және қоршаған ортаның тазалығын сақтау бағытында жұмыстар жүргізілді. Департамент қызметкерлері ортақ іске белсенді қатысып, қаланың тазалығы мен көркеюіне өз үлестерін қосты.

«Таза Қазақстан» акциясының негізгі мақсаты – қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыру, елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсарту және қоғамда экологиялық құндылықтарды кеңінен насихаттау.

Осындай шаралар қала тұрғындарын тазалықты сақтауға, қоршаған ортаға ұқыпты қарауға және туған қаланың көркеюіне ортақ үлес қосуға үндейді.