Мемлекеттік қызметшілер арасында әдеп қағидаттарын насихаттауға арналған семинар өтті

Мемлекеттік қызметшілер арасында әдеп қағидаттарын насихаттауға арналған семинар өтті

Алматы қаласы Әділет департаментінде мемлекеттік қызметшілер арасында әдеп қағидаттарын насихаттау мақсатында семинар ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында Алматы қаласы Әділет департаментінің әдеп жөніндегі уәкілі К.Б. Базарбаев мемлекеттік қызметкердің әдеп нормалары, қызметтік тәртіп, кәсіби жауапкершілік және қоғаммен қарым-қатынастағы этикалық ұстанымдардың маңыздылығы жөнінде баяндама жасады.

Семинар барысында мемлекеттік қызметте әдеп стандарттарын сақтау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және азаматтарға сапалы қызмет көрсету мәселелері кеңінен талқыланды.

Іс-шара мемлекеттік қызметшілердің кәсіби мәдениетін арттыруға, әдеп талаптарын сақтауға және қоғам сенімін нығайтуға бағытталды.