«№72 мекемеде «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында құқықтық түсіндіру кездесуі өтті».

«№72 мекемеде «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында құқықтық түсіндіру кездесуі өтті».

Алматы қаласындағы №72 мекемеде «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында сотталғандармен құқықтық түсіндіру кездесуі ұйымдастырылды.

Кездесу барысында қатысушыларға заңдылықты сақтау, құқықтық мәдениетті қалыптастыру, азаматтардың құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасындағы өзекті өзгерістер түсіндірілді. Сонымен қатар, сотталғандарға құқықтық көмек алу мүмкіндіктері мен заңнамада көзделген құқықтары жөнінде жан-жақты ақпарат берілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – сотталғандардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға құрметпен қарау мәдениетін қалыптастыру және олардың қоғамға бейімделуіне ықпал ету.

Кездесу соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, қолданыстағы заңнама талаптары бойынша толыққанды жауаптар алды.