Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері талқыланды

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері талқыланды

Алматы қаласы Әділет департаментінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл мәселелеріне арналған кездесу өтті.

Іс-шара барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың талаптары, мемлекеттік қызметшілердің әдеп қағидаттарын сақтау, қызметтік міндеттерді адал әрі ашық атқару, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу мәселелері талқыланды.

Қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығы түсіндіріліп, заң талаптарын қатаң сақтау қажеттігі атап өтілді.

Мұндай іс-шаралар мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, заңдылық қағидаттарын нығайтуға және сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне төзбеушілік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.