
Алматы қаласында алкоголь өнімдерін өткізу саласындағы заңнама талаптарын сақтау мәселелері бойынша кәсіпкерлермен кездесу өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты – алкоголь өнімдерінің заңды айналымын қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және кәсіпкерлік субъектілерінің қолданыстағы заңнама талаптарын сақтау деңгейін арттыру.
Кездесу барысында алкоголь өнімдерін өткізуге қатысты лицензиялық талаптар мен шарттарды сақтау, алкоголь өнімдерін кәмелетке толмаған тұлғаларға сатуға жол бермеу, өнімді өткізу уақытына қойылатын заңнамалық шектеулер, сондай-ақ құқық бұзушылықтар үшін көзделген әкімшілік жауапкершілік мәселелері жан-жақты талқыланды.
Қатысушыларға Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының негізгі талаптары түсіндіріліп, алкоголь өнімдерінің бөлшек саудасы саласындағы құқық қолдану тәжірибесі туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар кәсіпкерлердің сұрақтарына жауаптар беріліп, заң талаптарын сақтау бойынша практикалық ұсынымдар жеткізілді.
Кездесу қорытындысы бойынша кәсіпкерлер заңнама талаптарын қатаң сақтау азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңызды кепілі екендігіне назар аударды.