
Мемлекеттік қызметтің оң имиджін нығайту мақсатында Алматы қаласы Әділет департаментінің жұмыста өзін лайықты көрсеткен жас мемлекеттік қызметшілері туралы циклды назарларыңызға ұсынамыз.
Мақұлов Хәкім Жанбулатұлы – Алматы қаласы Әділет департаментінің «Мүлікті мемлекет кірісіне айналдыру бойынша аумақтық бөлімі» филиалының басшысы – аға сот орындаушысының міндетін атқарушы.
1994 жылы 07 ақпанында Алматы қаласында дүниеге келген. 2015 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Заң факультетін (КАЗҰУ) "құқық" мамандығы бойынша үздік бітірді.
2016 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Заң факультетін (КАЗҰУ) "құқық" мамандығы бойынша "құқық магистрі" дәрежесін бере отырып, магистрлік диссертациясын сәтті қорғады.
Еңбек жолын Алматы қаласы Әділет департаментінде 2017 жылы жетекші маман қызметінен бастаған.
Әр жылдары ішкі істер органдарында, Департамент бөлімдерінде және прокуратура органдарында жұмыс істеді.
Қазіргі таңда, «Мүлікті мемлекет кірісіне айналдыру бойынша аумақтық бөлімі» филиалының басшысы – аға сот орындаушысының міндетін атқарушы.
2025 жылы «Мүлікті мемлекет кірісіне айналдыру бойынша аумақтық бөлімі» – 34 автокөлік құралын, 67 жылжымайтын мүлік объектілерін, сондай-ақ, ақшалай қаражат мемлекет кірісіне өндірілді.
Ағымдағы 2026 жылдың маусым айына дейінгі аралықта - 9 автокөлік құралын, 59 жылжымайтын мүлік объектілерін, 5 000 000 дана бағалы қағаздар мемлекет кірісіне өткізілді.
Әділет департаментінің ведомстволық грамоталарымен, алғыс хаттарымен марапатталған.
Жеке сот орындаушы қызметпен айналысуға лицензиялары бар.