Мемлекеттік қызметтің жас маманы:Әділет департаменінің үздік қызметкерлері

Мемлекеттік қызметтің жас маманы:Әділет департаменінің үздік қызметкерлері

Мемлекеттік қызметтің оң имиджін нығайту мақсатында Алматы қаласы Әділет департаментінің  жұмыста өзін лайықты көрсеткен жас мемлекеттік қызметшілері туралы циклды назарларыңызға ұсынамыз.

   Бекет Нарқыз Мұхитқызы – Алматы қаласы Әділет департаментінің қаржы және материалдық – техникалық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы.

 1999 жылы 08 маусымда Шымкент қаласында дүниеге келген. 2020 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Экономика және бизнес жоғары мектебі факультетін (ЭБЖМ) "мемлекеттік және жергілікті басқару" мамандығы бойынша бітірді.

2021 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Экономика және бизнес жоғары мектебі факультетінде магистрлік диссертациясын сәтті қорғады.

2022 жылы Патрис Лумумба атындағы Ресей халықтар достығы университетінде Экономика және бизнес жоғары мектебі факультетінде магистрлік диссертациясын сәтті қорғады.

2025 жылдан бастап Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің докторантура студенті.

Еңбек жолын Алматы қаласы Әділет департаментінде 2022 жылы бас маман қызметінен бастаған. 2023-2025 жылдар аралығында қаржы және материалдық – техникалық қамтамасыз ету бөлім басшысының міндетін атқарып келген. 2025 жылдың шілде айынан бастап бөлім басшысы болып тағайындалған.

             Департаменттің қаржы-шаруашылық қызметін жетілдіру бағытындағы жұмыстарды белсенді қатысады. Бюджет қаражатын тиімді пайдалану бойынша жобаларды іске асыруға атсалысады.

             Кәсіби қызметімен қатар ғылыми-зерттеу жұмыстарымен белсенді айналысады. Экономика, қаржы және басқару менеджменті салаларында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп, ғылыми мақақалар жариялайды. Ғылыми-практикалық конференцияларға және семинарларға тұрақты түрде қатысады.

Қоғамдық бірлестіктер мен қайырымдылық қорларының ведомстволық грамоталарымен және алғыс хаттарымен марапатталған.