Q университетінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы дәріс өтті

Q университетінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы дәріс өтті

«Заң мен тәртіп» акциясы аясында Алматы қаласы Әділет департаментінің Тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімінің жетекші маманы Нурпеисова Алтын Qonaev университетінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта дәріс өткізді.

Іс-шараның мақсаты – жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты нығайту және заң талаптарын сақтаудың маңыздылығын түсіндіру.

Дәріс барысында сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тигізетін теріс әсері, оның алдын алу тетіктері, мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы ашықтық пен адалдық қағидаттары кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар қатысушыларға сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін көзделген жауапкершілік шаралары туралы ақпарат берілді.

Осындай ағартушылық іс-шаралар қоғамда заң мен тәртіп қағидаттарын нығайтуға, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған.