
9 мамыр – Жеңіс күні қарсаңында Алматы қаласы Әділет департаментінде салтанатты марапаттау рәсімі өтті.
Іс-шара барысында қызметтік міндеттерін адал әрі кәсіби деңгейде атқарып, әділет органдарының дамуына елеулі үлес қосқан бірқатар қызметкерлер Қазақстан Республикасы Әділет министрінің атынан марапатталды.
Салтанатты жиында қызметкерлерге алғыс хаттар мен грамоталар табысталып, олардың көпжылдық еңбегі, жоғары жауапкершілігі мен кәсіби біліктілігі ерекше атап өтілді. Сонымен қатар, ел игілігі жолындағы мінсіз қызмет пен адал еңбек әрдайым жоғары бағаланатыны айтылды.