
Алматы қаласы Әділет департаментінің қызметкерлері «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына белсенді қатысты.
Іс-шара барысында департамент ұжымы қала аумағын абаттандыру және тазалық жұмыстарын жүргізіп, қоршаған ортаны қорғау мен экологиялық мәдениетті қалыптастыруға өз үлестерін қосты.
Мұндай бастамалар қоғамда жауапкершілікті арттырып, тазалықты сақтау мен табиғатты аялау қағидаттарын нығайтуға бағытталған.