Жас мемлекеттік қызметшілермен кездесу өтті

Жас мемлекеттік қызметшілермен кездесу өтті

Адал азамат» жол картасының 17.3-тармағын іске асыру мақсатында Әділет департаментінің мәжіліс залында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар кадр резервінің резервисі Шынарова Толқынай Темірқызы және Департаменттің жас мемлекеттік қызметшілерімен кездесу өтті.

Толқынай Темірқызы мемлекеттік қызметке алғаш қабылданған жас мамандарды мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама нормаларымен таныстырып, мемлекеттік қызметшінің құқықтық мәртебесі мен әлеуметтік қорғалуы, миссиясы туралы түсіндірді. Сонымен қатар, өз тәжірибесімен бөлісіп, «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқу жайында және Президенттік жастар кадр резервіне қалай қабылдануға болатыны туралы айтып өтті.

Кездесу жас әріптестерге арналған ақыл-кеңестермен қорытындыланды.