
Алматы қаласы Әділет департаменті мен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Медеу ауданында тұрғындарға арналған «Ашық есік күнін» ұйымдастырды.
Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар түсіндіріліп, олардың практикалық маңызы кеңінен баяндалды. Мамандар негізгі жаңашылдықтарға тоқталып, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
Сонымен қатар, азаматтарға мемлекеттік қызметтерді алу, құжаттарды рәсімдеу, тіркеу және өзге де құқықтық мәселелер бойынша кеңестер ұсынылды.
Іс-шара ашық форматта өтіп, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға және заң көмегінің қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталды.