
Алматы қаласы Әділет департаментінде нотариат саласына қатысты мәселелер бойынша жоспарланған кездесу өтті.
Іс-шара барысында «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптары, тағылымдамадан өту тәртібі, сондай-ақ үміткерлердің біліктілік талаптарына сәйкестігі мәселелері жан-жақты талқыланды. Қатысушыларға қолданыстағы заңнама нормалары түсіндіріліп, қойылған сұрақтарға нақты жауаптар берілді.
Кездесу ашық диалог форматында ұйымдастырылып, сала мамандарына өзекті мәселелерді талқылауға және тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді.